Украина Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайды
Украина Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайды, - деп хабарлайды AFP. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Евгений Перебийнис мәлімдеді.
"Біз Қырымның тәуелсіздігін және оның Ресей құрамына қосылуы туралы деп аталатын келісімді мойындамаймыз және ешқашан мойындайтын болмаймыз", - деді Перебийнис, ол қол қойылған келісімдердің "демократиямен, заңның ұлықтылығымен және парасатты мағынамен" еш қабыспайтынын атап өтті.
"Удар" партиясы жетекшісі Виталий Кличко жақтастарының билікті Мәскеумен дипломатиялық қатынастарды тоқтатуға шақырып отырғанын айта кету керек. "Ресей билігі тарапының дұшпандық актілері мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, біз Украина мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастардың тез арада тоқтатылғанын қалаймыз", - делінген "Удар" партиясының мәлімдемесінде.
Негізі: Tengrinews.kz, 18 нау 2014
Тағы да оқу
|