Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысындағы үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап.

Жарылыс болған көпқабатты үйде тұратын ер адамның айтуынша, сағат 20.00 шамасында ол тарс етіп атылған дыбысты естіген. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, көше қоршауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша пәтерлердің бірінде жарылыстан ер адамның денесінің парша-паршасы шыққан.

Полиция жарылыс дерегін және бір адамның мәйіті туралы ақпаратты растады, басқа мәліметтер әзірше жария етілген жоқ.

"СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісінің мәліметінше, жарылыс "Орбита-4" ықшамауданындағы №6 үйде болған. Көршілерінің айтуынша, қайтыс болған жігіт анасымен және екі қарындасымен бірге тұрған. "Жас жігіт 15 жасында мүгедек боп қалды. Үйінде қарындастары жоқ кезде ол гранатамен өзін-өзі жарып жіберген. Анасы үйде болған, ол аса ауыр жарақат алмады. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеді, олар үйде басқа жарылғыш зат болмағанын айтты", - дейді тілші.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен басқа да шұғыл әрекет ету қызметтері жүр. Tengrinews.kz оқиғаны қадағалайтын болады.

Негізі: Tengrinews.kz, 20 нау 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады
Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда Украина Ресейге визалық режим енгізіп, ТМД құрамынан шықпақ


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен