Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Ресей "Протон-М" апаты бойынша ұстанымын әзірлеп жатыр

Ресей "Протон-М" апаты бойынша ұстанымын әзірлеп жатыр

Ресей Қазақстанның "Протон-М" зымыран тасығышы апатына байланысты шығын өтеу туралы үндеуіне орай келісілген ұстаным шығару үшін мемлекетішілік рәсімдерді жүргізіп жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" "Роскосмостың" Қазақстандағы өкілі Анатолий Красниковқа сілтеме жасап.

"Барлық мүдделі федералдық органдармен бірге Ресей тарапының ұстанымын келісіп алу керек, сол себепті біз әзірше жауап дайын болды деп айта алмаймыз", - деді Анатолий Красников. Ол бұл бағытта жұмыстың жүргізіліп жатқанын, тоқтатылмағанын айтты. "Бұл мәселе туралы үнсіз қалмаймыз. Іс жылжиды. Сондықтан біздің ұстанымымыз жария етіледі және бұл жөнінде ең бірінші қазақстандық тарап білетін болады деп ойлаймын", - деді "Роскосмос" өкілі.

Ресей тарапының келісу процесінің қашан аяқталатыны туралы сұраққа Красников "бұл мерзім Ресей Федерациясы үкіметі және атқарушы биліктің федералдық органдары жұмысының регламентіне байланысты болады" деп жауап берді. "Ресей тарапы естіп отыр, Ресей тарапы естіді, Ресей тарапы жұмыс істеп жатыр. Барлық рәсімнің жүргізілуіне қарай жауап берілетін болады", - дейді Красников.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев зымыран тасығыш апатына байланысты Ресейден шығын өндіру мәселесінің созылып бара жатқанын айтқан болатын. Еске салайық, үш "Глонасс М" аппараты бар "Протон-М" зымыраны "Байқоңыр" ғарыш айлағының 81-алаңынан 2013 жылдың 2 шілдесінде ұшырылған болатын. Ол старттық үстелден ажыраған бойда бірден бағытынан тайып, әуеде бөлшектене бастады да, жарылды. Зымыран тасығыштың бортында 600 тонна гептил, амил мен керосин болды. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәліметінше, еліміздің экологиялық ахуалына келген шығын көлемі 13 млрд теңгеден асады.

Негізі: Tengrinews.kz, 19 нау 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен