Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Мәжіліс 1 сәуірден бастап зейнетақы арттыруға бағытталған түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс 1 сәуірден бастап зейнетақы арттыруға бағытталған түзетулерді мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші және екінші оқылымда бірден қарап, құжатты мақұлдады деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, заң жобасы Елбасының Үкіметке жүктеген тапсырмасын орындауға бағытталады, соның ішінде халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері қамтылады.

«Атап айтқанда, заң жобасында базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін, зейнетақысы ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған адамдардың зейнетақысын, сондай-ақ, осы жылдың басынан бастап зейнетақы мөлшері арттырылғанын қоса есептегенде, 12 пайызға, еңбек өтіліне қатысты зейнетақы мөлшерін 14 пайызға дейін көбейтіледі. Сол үшін қолданыстағы, зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын табыстың шамасын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 39-дан 41 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту қарастырылады. Осыған орай, зейнетке ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кейін шығатын адамдардың зейнетақысын да зейнетке бұған дейін шыққан адамдардың зейнетақы төлемімен теңестіруге мүмкіндік болады», - дейді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, қабылданатын шаралар базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін 10 450 теңгеге немесе 12 пайызға дейін, еңбек өтілі бойынша алынатын зейнетақы мөлшерін (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 46661 теңгеге дейін көбейтуді қамтамасыз етеді.
«Қазақстанда бүгінгі күні зейнеткерлердің саны 1,9 млн. адамды құрайды, соған орай олардың зейнетақысын арттыруға қосымша 40,6 млрд. теңгені құрайтын қаражат қарастырылады.


Бұдан бөлек, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру қарастырылады. 2014 жылғы 1 сәуірінен бұл жәрдемақы 12 пайызға, ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға дейін көтерілетін болады. Егер бірінші топтағы мүгедек өткен жылы 25 378 теңге алған болса, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап - оның жәрдемақысы 38 028 теңгені құрайды және бұл өсім шамамен 50 пайызды құрап отыр», - деді министр.

Заң жобасында сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың мөлшері мен азаматтардың жекелеген санаттарына арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 12 пайызға дейін өседі.
Сондай-ақ, осы жылдың 1 сәуірінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің лауазымдық қызметақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы енгізу есебінен олардың еңбекақысын арттыру көзделеді. Бұны іске асыруға бюджеттен 63,5 млрд. теңге бөлінеді.


Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен