Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

АҚШ Ресеймен соғысуға мүдделі емес

АҚШ Ресеймен соғысуға мүдделі емес

Барак Обама Украинадағы ахуалға АҚШ-тың әскери жолмен араласатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз Украинадағы әскери сценарийге араласуға мүдделі емеспіз...Бұдан басқа да жол бар ғой. Меніңше, АҚШ пен Ресей арасындағы әскери теке-тірес орынсыз болатын еді. Украина үшін оның ешбір пайдасы жоқ. Оны украин халқы да жақсы түсініп отыр", - деді Б.Обама NBC телеарнасына берген сұхбатында. АҚШ президенті атап көрсеткендей, Вашингтон Украина мәселесін әскери жолмен шешуді қарастырып отырған жоқ. Алайда Ақ үй Ресейге қатысты қосымша экономикалық санкцияларды қолдануға даяр.

Айта кеткен жөн, Украина құрамында болған Қырым тәуелсіз республика ретінде бөлініп, Ресей Федерациясына кіргеннен кейін АҚШ президенті Б.Обама Еуропа арқылы бірқатар экономикалық санкциялардың енгізілетіні жайында мәлімдеді. Алайда әзірше кейбір ресейлік шенеуніктердің есеп-шоттарын тұсаулап тастағаннан басқа ешқандай шара қолданылмады. Ресей болса, қандай да бір санкциялардың бумеранг ұқсап Еуропа мен АҚШ-тың өзіне кері әсер тигізеді деп отыр.

Негізі: Tengrinews.kz, 20 нау 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен