Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Ақтау мектептерінде порносайттарға шектеу жоқ

Ақтау мектептерінде порносайттарға шектеу жоқ

Ақтаудағы кейбір мектептерде порнографиялық және экстремистік мазмұндағы сайттарға еркін кіруге болады деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Прокурорлардың бір жыл ішіндегі тексерісі нәтижесінде кейбір мектептерде интернет сүзгісі жоқ екені анықталды. Білім беру бағдарламасынан тыс сайттарға, соның ішінде, экстремистік және порнографиялық сайттарға шектеу қойылмаған.

"Бұл мектептерде орташа есеппен 850-900 бала оқитынын, ал информатика пәнін оқытушылар біреуден үш адамға дейін екенін ескерсек, оқушылардың қандай сайттарды қарайтынын, нені оқып отыратынын бақылау мүмкін емес", - дейді қала прокуроры Талғат Әлібаев.

Ақтаудағы көп мектептен тағы бір заңсыздық анықталды. Мектептерде люминесцент шамдардың жаппай жиналып, сақталатын болып шықты. Тексеріс кезінде барлығы 10 мыңға жуық шам табылған.

"Энергия үнемдейтін шамдардың адам ағзасының жоғары деңгейде улануына себеп болатын сынап пен фосфордан тұратыны белгілі. Сондықтан оларды қоқысқа тастауға немесе жиып қоюға болмайды. Оларды залалсыздандыру мен жоюдың ерекше тәртібі болуы керек. Сынаптың буы қоршаған ортаға жойып жіберерліктей әсер етеді, соның салдарынан өңірдің экологиялық ахуалы нашарлауы мүмкін", - дейді Талғат Әлібаев.

Ақтау мектептерін прокурорлар 15 рет тексерген, соның нәтижесінде 29 қадағалау актісі қаралып, 54 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Негізі: Tengrinews.kz, 10 ақп 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен