Алматыда нан, дәрі-дәрмек пен ЖЖМ бағасы бақылауға алынды
Ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты Алматы базарлары мен дүкендеріндегі бағаны арнайы құрылған мобильдік топ тексеріп шықты. Оның қорытындысы бойынша кейбір ірі дүкендер, көтерме бағамен сауда жасайтын ұйымдар мен жанар-жағар май бекеттері негізсіз жұмыстарын тоқтатқаны белгілі болды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі қалалық әкімшілікке сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар бағаны негізсіз көтеріп, шектеулі заттарды сатуға жол берілгені анықталды. Арнайы мобильдік топ мұның барлығын кеңес барысында қала әкіміне хабарлады. Ахметжан Есімов аудан басшылары мен салалық басқарма басшыларына халық арасында үрей тууға жол бермеуді тапсырды деп көрсетті баспасөз қызметі.
«Ең алдымен нан, дәрі-дәрмек пен ЖЖМ бағасын бақылауға алу қажет. Егер бағаны негізсіз қымбаттатқандар болса заңмен жауапкершілікке тартылады», -деді А.Есімов.
Сонымен қатар қала әкімі базардағы бағаны бақылауға алып, «Алматы» ӘКК тұрақтандыру қорымен жұмысты үйлестіруді тапсырды.
«Алматы аудандары әкімшіліктерінің сайтында жаңа айдар ашылады. Онда негізгі тауарлар бағасының қымбаттауы туралы фактілерді хабарлауға болады», - дейді әкімшілік өкілдері.
Негізі: BNews. Бизнес сейчас, 12 ақп 2014
Тағы да оқу
|