Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Алкогольді саудалауға қатысты жаңа заң күшіне енеді

Алкогольді саудалауға қатысты жаңа заң күшіне енеді

Қазақстанда спирттік ішімдіктерді кешкі 21.00-ден күндізгі 12.00 аралығында саудалауға тыйым салатын жаңа заң жобасы 2014 жылы мамырда күшіне енеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазалко" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев мәлім етті.

"Қазақстандағы алкогольді өнімдердің айналымын және өндірісін мемлекеттік бақылауда ұстау жөніндегі заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" заңды жетілдіруге арналған жұмыстар 2013 жылы басталған және ол заң дәл қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Бұл заң жобасы сәуір-мамыр айларында Сенатқа, ал одан әрі Президенттің қол қоюына жіберілетін болады.

Еске саламыз, бүгінде тек 23.00-08.00 аралығында ғана спирттік ішімдіктерді саудалауға тыйым салынып келген болса, ал жаңа заң күшіне енгенде тұрғындар 21.00-ден 12.00-ге дейін алкоголь сусындарын сатып ала алмайтын болады. Жаңа заңда көрсетілгеніндей енді бірер айдан кейін жанармай құю стансалары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері маңында да алкоголь өнімдерін саудалауға мүлдем тыйым салынатын болады.

Қалиевтің айтуынша, тұрғын үй аулаларында жұмыс істеп тұрған дүкендерге спирттік ішімдіктерді саудалауда еш кедергі болмағанымен, алдағы уақытта оларға да тәртіпке бағыну талабы қойылатын болады. "Менімше бұл орынды талап. Ішімдікті сатып алу уақытты шектелген сайын тұрғындар оны ішуді де ақырындап ұмыт қалдыра беретіні сөзсіз", - деді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұрынғы төрағасы Әнуар Жұмаділдаев

Негізі: Tengrinews.kz, 10 ақп 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен