Есімов тауарларды шектеп сату жөніндегі хабарландыруға түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде "өлшеніп сатылатын тауарлар әр адамға екі келіден беріледі" деген хабарландыру жазылған сурет жарияланған.
"Бұл жерде айта кеткен жөн, бүгін көптеген дүкендер шұғыл түрде жабылып, кейбіреулері бағаларын өзгерте бастады. Әсіресе импорт тауарлардың бағаларын. Бірақ бізде әрбір ауданда жедел штабтар бар. Сондықтан біз оларға сауда қалыпты жағдайда жүргізілуі үшін, бірден азық-түлік қорларының қанша екенін анықтап алу жөнінде тапсырма бердік. Кейбіреулері "өлшеніп сатылатын тауардан тек екі келіден, даналап сатылатындары екі шөлмектен" деп хабарландыру жазып қойғандықтан, біз оларды бақылап отырмыз. Жұмыс өте көп. Қазір біз жиналып, осы мәселені талқылаймыз», – деп баса айтты А.Есімов.
Оның айтуынша, БАҚ доллар бағамының көтерілгендігін жариялаған бетте, барлық қызмет түрлеріне бағалардың, әсіресе әлеуметік маңызды тауарлардың бағаларының негізсіз күрт көтерілуіне жол бермеу үшін мониторингті күшейту жөнінде тапсырма берілген.
Негізі: Tengrinews.kz, 12 ақп 2014
Тағы да оқу
|