Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

ШҚО-да қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

ШҚО-да қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

«Шығыс Қазақстан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері 50 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ол қала орталығында ЖШС ретінде кеңсені жалға алып, «Bank of Kingdom» деген ағылшындық жалған банктен 100 000 еуро көлемінде пайыздық үстемесіз несие беріледі деген желеумен жұртты алдап келген. Шетелдік банктен несие алып беру үшін жеке тұлғалар үшін 75 000 теңге, ал заңды тұлғалардан 180 000 теңге ақша талап еткен. Тіпті кейбір клиенттерге қолдан жасалған банктің төлем карточкаларын беріп, оған жақын күндері ақша түсетінін айтып сендірген. Атап өтерлігі пластик карточкаларды 20 000 теңгеге бағалаған», - деді ШҚО ІІД ҰҚКБ басшысы Абай Бақтияров.

А.Бақтияровтың айтуынша, жалған құжаттар мен карточкалар тәркіленген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Алаяқтың құрбаны болған 20 адам полицияға шағым түсіріпті. «Біздің мәліметтерімізге қарағанда оңай жолмен пайдаға кенелмек болып ақшасынан айырылып қалғандар қатары бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін», - деп қорытындылады ол.

Негізі: BNews.kz, 24 қан 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен