Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Халықаралық валюта қоры: 2014 жылғы әлем экономикасының даму болжамы

Халықаралық валюта қоры: 2014 жылғы әлем экономикасының даму болжамы

Халықаралық валюта қоры әлем экономикасы дамуының болжамын жасады. Оған сәйкес экономикалық белсенділіктің 2013 ж. 3%, 2014 ж. 3,7%, ал 2015 ж. 3,9% өсуі байқалады. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджетік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Экономикасы дамыған елдердің сұраныс нарығы оң жолға қойылған және дамушы елдерге серпін бермек. Ал экономикасының құлдырап бара жатқаны байқалған елдерде «құрылымдық реформаларды жалғастыру» қажет.
Халықаралық валюта қорының хабарына АҚШ экономикасындағы оң өзгерістерді байқаған нарыққа қатысушылар өсіммен жауап берді. 2013 ж соңындағы негізгі пайыздық мөлшерлемесі 0,25% дейін түсуі Еуропалық орталық банктің монетарлық саясаты айтарлықтай әсер тигізбеді.

Жапония банкі 2014 ж. 22 қаңтарда курсты сақтап қалу үшін ақша базасын жылына 60-70 трлн. иенге (570-670 млрд. долл.) дейін көтеруге ниетті екенін растады.

Экономикалық зерттеу институтының мамандары Халықаралық валюта қорының АҚШ экономикасында 2013 ж. 1,9%, 2014 ж. 2,8% өсім байқалатынын қолдап отыр. Бұған тақтатас-энергетикалық революция, еңбек және баспана нарығының дамуы, импорттан өз өнімін шығаруға көшуі септеседі.

ХВҚ-ның еуроаймақ экономикасының 2014 жылы 1 пайызға өскенін ЭЗИ сарапшылары аймақтың экономикасы дефляция, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, ішкі сұраныстың төмендігі, банктердің несиелік портфельдері сапасының төмендеуі мен қарыз дағдарысы сияқты мәселелерге тап болғаннан кейін көтерілген қымбаттаған деп отыр. ЭЗИ сарапшылары еуроаймақтың экономикалық өсімін 2014 жылдың қорытындысы бойынша 0,8 пайыз деңгейінде деп бағалады.

Жапонияда 2014 жылға экономикалық өсімге қатысты ЭЗИ сарапшыларының болжамы ХВҚ-ның берген бағасына сәйкес келіп, 1,7 пайызды құрады. Монетарлық саясат иенді құнсыздандырып, экспорт пен тұтынушылық шығыстарды жандандыруға ықпалдасты.

Негізі: ҚазАқпарат, 24 қан 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен