Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Елордалық ЖОО-ның 10 оқытушысы республика бойынша үздік атанды

Елордалық ЖОО-ның 10 оқытушысы республика бойынша үздік атанды

2013 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10 оқытушысы үздік атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл байқауға еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан 555 үміткер қатысты. Мұратбек Арпабеков (техника ғылымдарының докторы, профессор, Көлік және энергетика факультеті); Самал Болатова (филология ғылымдарының докторы, Шығыстану кафедрасының профессоры, Халықаралық қатынастар факультеті); Сәуле Досмағамбетова (химия ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдар факультеті); Амангелді Доғалов (экономика ғылымдарының докторы, Экономика факультеті); Сәуле Егембердиева (экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономика факультеті); Асқар Жүсіпбеков (техника ғылымдарының докторы, профессор, Сәулет және құрылыс факультеті); Роза Нұртазина (саясаттану ғылымының докторы, профессор, Журналистика және саясаттану факультеті); Шолпан Орманова (заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Заң факультеті); Перизат Сейтқазы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметік ғылымдар факультеті), Сәуле Алиева (тарих ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық қатынастар кафедрасы) жеңімпаз атанды;

«Үздік оқытушы атанғандар мемлекеттік грант есебінен әлемнің үздік университеттерінде тағылымдамадан өтіп, өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыра алады.
Еске салайық, өткен жылы Еуразия ұлттық университетінің 11 үздік оқытушысы марапатталып, үш миллион теңгеден жоғары қаржыға қол жеткізген болатын»,- делінген хабарламада.

Негізі: ҚазАқпарат, 24 қан 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен