Қазақстан 2017ж таэквондо бойынша әлем чемпионатын өткізуді көздеп отыр
Қазақстан Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде 2017 жылы таэквондо бойынша әлем чемпионатын өткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы.
Хабарламада көрсетілгендей, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар осы спорттың түрін Қазақстанда дамыту және елімізде әлемдік ауқымдағы таэквондо бойынша халықаралық турнирлерді өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
«Қазақстан биылғы жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF) нұсқасы бойынша Гран-при сериясының әлемдік турнирін өткізуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде еліміздің 2017 жылдың Әлем чемпионатын қабылдауға әзір екендігі айтылды», - делінген хабарламада.
Тағы да оқу
|