Алматыдан 350 шақырым жерде 4,4 магнитудалық жер сілкінісі болды
Алматыдан 350 шақырым жерде Қырғызстан аумағында бейсенбі күні кешке 4,4 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
23 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 20:51:32-де жер сілкінісі тіркелді.
«Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 350 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орын алды. Тереңдігі - 10 шақырым», - делінген хабарламада.
Тағы да оқу
|