Жанна Фриске аман және өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді
Кеше бейсенбі күні әлеуметтік желілерде «Ресей эстрадасының жұлдызы Жанна Фриске Германиядағы онкологиялық ауруханада қайтыс болды» деген ақпарат жел жылдамдығындай тарап кеткен болатын. Бұл хабарға күдікпен қараған «МК» басылымы бар шындықты әншінің продюсері Андрей Шлыковтан білді.
«МК» тілшілері, өзге де ниеті түзу жандар тәрізді, күдікті ақпаратқа сене қоймай, істің ақ-қарасын Жаннаның айналасындағы адамдардан білуге тырысты. Сүйінші хабарды әншінің продюсері Андрей Шлыков пен жақын құрбысы Анна Городжая жеткізді», - деп жазады басылым.
- Жанна аман! Аман! Мен жаңа ғана онымен тілдестім. Қазір мен телефон тұтқасын оның продюсері Андрей Шлыковқа беремін, – деп қатты даусын шығара сөйледі Анна.
- Жанна тірі! Неге жұрт істі уақытынан бұрын шешуге құмар?! – деген ренішін жеткізді Андрей. – Неге халық жақсылыққа сараң болып кеткен. Біз бәріміз – құрбысы Анна Городжая мен күйеуі Дмитрий, жаңа ғана Жаннамен сөйлестік. Өзін жақсы сезінеді. Жағдайы жақсарып келеді. Дауысы жарқын. Қазір ол Америкада ауруханада, ондағы дәрігерлер консилиум өткізіп, бұдан әрі Жаннаны қалай емдейтіндерін талқылайтын болады. Сондай-ақ Жанна өзіне қолдау білдірген барлық жандарға алғысын білдірді. Халықтың көмегі оны жігерлендіре түсуде.
Негізі: BNews.kz, 24 қан 2014
Тағы да оқу
|