Бас бет    Пошта    Жаңалық    Каталог    Сыныптастар     Ауа-райы    Жұмыс    Ойын     Реферат     Карталар
  
Казнетте new!
каталогта
рефераттарда

Астаналық кәсіпорын «Best Enterprise» еуропалық марапатын иеленді

Астаналық кәсіпорын «Best Enterprise» еуропалық марапатын иеленді

Еуропалық бизнес ассамблеясы «Астанагорархитектура» ЖШС сәулет және құрылыс саласындағы кәсіби қызмет пен сапа жетістіктері үшін «Best Enterprise» («Үздік кәсіпорын») беделді еуропалық марапатын табыстады. Бұл туралы astana.kz сайты Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бұл награда кәсіпорынның жетістіктерінің ғана емес, сондай-ақ, заманауи қарқынды мегаполис ретінде Астананың сәулет және қала құрылысының үйлесімді дамуының белгісі болып табылады», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун елорданың құрылыс саласы активінің жиналысында ұжымға марапатты ұсыну салтанатында.

«Астанагорархитектура» ЖШС марапаттау туралы шешім 2013 жылғы 18 желтоқсанда Лондонда «Achievements. 2013» халықаралық Сократ сыйлығында жария етілді.

Кәсіпорынға 5 жылға тиісті лицензия беріліп, тиімді, қарқынды дамып жатқан компаниялар мен өңірлердің жалпы еуропалық тізіліміне енгізілді. Бұдан басқа, компания директоры Қасымбек Айтымов атаулы сертификатпен және «Best Manager of the Year» («Жылдың үздік топ-менеджері») төсбелгісімен марапатталды.

«Астанагорархитектура» ЖШС ұлттық серіктестер ақпараттарының негізінде ЕВА корпорациясына кіретін талдау орталықтары топтарының 2013 жылғы зерттеулерінің нәтижесі бойынша наградаға ұсынылды. Атап айтқанда, «Еуропалық нарықты зерттеу орталығы» (Бельгия), «Баден-Вюрттемберг» экспорт академиясы» (Германия), «Консультант маркетологтар ассоциациясы» (Чехия), Швейцария Сапа стандарты институты, Халықаралық бизнес көшбасшыларының клубы (Оксфорд, Ұлыбритания), Еуропа ректорларының клубы, «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер халықаралық конгресі» (Ресей), Бүкілресейлік нарықты зерттеу орталығы және т.б. ұйымдар, сонымен қатар елшіліктер, коммерциялық палаталар, іскерлік БАҚ пен ақпарат агенттіктері. Мұнымен қоса, ұлттық сапа мен кәсіби шеберліктің бизнес рейтингтері ескерілді.

Негізі: BNews.kz, 06 қан 2014

Тағы да оқу

Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс "Болашақ" үміткерлеріне тілді білудің шектік деңгейі көтерілді Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында Республика алаңы жабылады
Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды Наурыз мейрамынан соң ауа райы жақсарады Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Қазақстан парламенті жол қозғалысы туралы заңды қабылдады Қазақстан оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізуді бастауда Оралдық оқушылар біржыныстылар махаббаты туралы ертегі оқуда


СМС тегін жіберу

Жарнама құқығымен