Қарағанды облысынан Индустриаландыру картасына 80 жоба енгізілді
Қарағанды облысынан Индустриаландыру картасына жалпы сомасы 500 млрд. теңгенің 80 жобасы енгізілді. Оларда 12 359 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2013 жылы жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылды, 495 жұмыс орны құрылды»,- деп жазылған хабарламада.
Индустриаландыру картасы шеңберінде құрылған өндіріс орындарында 103,5 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді, оның ішінде ағымдағы жылдың 11 айында – 48 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
«Бизнестің Жол картасы -2020» және «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша үйлестіру кеңесі 64 және 56 жобаны сәйкесінше мақұлдады.
Алайда аталған бағдарламаларды жүзеге асыруда кемшіліктер де жоқ емес. Атап айтқанда, Үйлестіру кеңесіне ұсынылатын жобалар толық пысықталмайды, өндірістік бағыттағы жобалар азайған, бизнеске мемлекеттік қолдау механизмдері туралы тұрғындар жеткілікті құлағдар болмаған, деп көрсетті баспасөз қызметі.
Негізі: BNews.kz, 06 қан 2014
Тағы да оқу
|