Волгоградтағы вокзалда болған лаңкестіктен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады дүйсенбіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді агенттікпен әңгімелесуші.
Жексенбіде Волгоградта Мәскеу уақытымен 12.45-те (Астана уақытымен 14.45-те) теміржол вокзалында жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 16 адам көз жұмды, ондаған адам зардап шекті. Нұсқалардың бірі бойынша, лаңкестік әрекетін дағыстандық Оксана Асланова жасаған болуы мүмкін.
Тағы да оқу
|