Алматыда такси жүргізушісі 16 жасар қызды өлтіріп кеткен
Айсұлу Жамбарбек 28 желтоқсан күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат 9-да ол колледжден шығып, жеке таксиге отырады. Айсұлу үйіне келмеген соң, оның туыстары сол күні-ақ полицияға хабар берген екен.
Жаңа жыл қарсаңында қыздың жоғалғаны туралы хабарландыру әлеуметтік желілерге жарияланады.
Студент қызды соңғы рет көрген адамдардың арқасында полицейлер 3 қаңтарда оның мәйітін табады. Ал содан кейін қыз жеке таксиге мінгенін анықтайды.
Белгілі болғанындай, такси жүргізушісі қыздың әмианында ірі көлемде ақша барын көрген соң, оны елсіз жерге алып барып өлтірген.
Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, бүгін сот-медициналық сараптама аяқталды. Айсұлу Жамбарбек ертең жер қойнауына тапсырылады.
Негізі: BNews.kz, 07 қан 2014
Тағы да оқу
|