АҚШ сенаты Дж.Йелленді Федералды резерв жүйесі басшылығына бекітті
Американдық сенат Джанет Йелленнің кандидатурасын АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі басшылығына бекітті,
деп хабарлады РБК. Дауыс беру әлі жалғасуда. Жоғары палатадағылардың көбі оның кандидатурасын мақұлдады.
Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Барак Обама ұсынған Дж.Йелленнің кандидатурасын сенаттың банк комитеті де мақұлдаған.
Осы мәселе бойынша дауыс беру 2013 жылдың 21 қарашасында өтті.
Бен Бернанкені ауыстырған 67 жастағы Дж. Йеллен АҚШ-тың ФРЖ басшылығындағы бірінші әйел адам. ФРЖ-дегі мансабын ол 1977 жылы басқарушылар кеңесінің экономисі болып бастады, ал 2010 жылдың қазанында ФРЖ басқарушылар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. ФРЖ басшысының орнына бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерс үміткер болған еді.
Негізі: ҚазАқпарат, 07 қан 2014
Тағы да оқу
|