Шумахердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
«Формула-1» бұрынғы жарысушысы Михаэль Шумахердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Еске сала кетсек, ол желтоқсан айының соңында шаңғы теуіп жүріп, құлап, түрлі жарақаттар алды. Бұл туралы Trend.az порталы Bild газетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Шумахер қазіргі таңда госпитальдің жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жұма күні «Формула-1» жеті дүркін чемпионының халі нашар болған, демалыс күндері оның денсаулығы сәл жақсарды. Аурухана өкілі аты аңызға айналған спортшының халі тұрақты деп мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Шумахер 29 желтоқсан күні Францияның Мерибель қаласында шаңғы теуіп жүріп, құлап, басымен тастарға соғылды. 45 жастағы спортшы Гренобль госпитальдарының бірінде жасанды комада жатыр.
Негізі: BNews. Бизнес сейчас, 07 қан 2014
Тағы да оқу
|